×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Елімізде тоғыз банк жабылады

22.10.2021, 07:50
коллаж: ulusmeda.kz

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банктердің тарату өндірістерінің тәртібі, процесі әрі қазіргі жай-күйі туралы ақпарат берді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қазір 9 банк, атап айтсақ Валют-транзит банк, Қазинвестбанк, Delta Bank, Эксимбанк Қазақстан, Астана Банкі, Qazaq Banki, Tengri Bank, AsiaCredit Bank пен Capital Bank Kazakhstan таратылу сатысында, дейді агенттік.

Қазір барлық таратылатын банк кредиторларының талаптарын қанағаттандыру дәрежесі әртүрлі сатыда.

Қазинвестбанк, Эксимбанк Қазақстан, Delta Bank тарату комиссиялары депозитор-жеке тұлғаларға төленген кепілдік өтемақылар бойынша ҚДКҚ алдындағы, сондай-ақ ҚДКҚ-ның кепілдік төлемінің ең жоғары мөлшерінен асып түсетін депозиттер бойынша жеке тұлғалар алдындағы өз міндеттемелерін толық өтеді.

Қазір банктер кредитор-заңды тұлғалардың талаптарын қанағаттандыру сатысында. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Қазинвестбанк заңды тұлғалар алдындағы талаптарды 5,8%-ға немесе 6,3 млрд теңгеге, Эксимбанк Қазақстан 19,1%-ға (2 млрд теңге) және Delta Bank мүлік кепілімен қамтамасыз етілген кредитордың алдында 15,9%-ға (2,2 млрд теңге) қанағаттандырды.

Валют-транзит банк, Астана Банкі, Qazaq Banki әрі Tengri Bank-тің тарату комиссиялары депозитор-жеке тұлғаларға төленген кепілдік өтемақысы бойынша ҚДКҚ алдындағы талаптарды қанағаттандыру сатысында. 2021 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, Tengri Bank ҚДКҚ алдындағы талаптарды 87%-ға немесе 15,4 млрд теңгеге, Валют-транзит банк 57%-ға (10,4 млрд теңге), Астана Банкі 43,9%-ға (16,5 млрд теңге), Qazaq Banki 16,3%-ға (3,3 млрд теңге) қанағаттандырды.

Қазір AsiaCredit Bank аралық теңгерімді қалыптастыруда, ал Capital Bank Kazakhstan істерді уақытша әкімшіліктен тарату комиссиясына беру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Кейін осы банктер кредиторлар тізілімін қалыптастыру мен кредиторлар комитетін құру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады.

Серіктес жаңалықтары