×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Алматылық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

10.12.2023, 10:35
Ашық дереккөзден

10 желтоқсан күні сағат 09:38-де  "СОМЭ" сейсмикалық станциялар желісінің мамандары жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 917 км жерде Ауғанстан аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы  – 11.0.
MPV магнитудасы – 5.4.
Тереңдігі – 30 км.
Қазақстан аумағында жер сілкінісінің сезілетіндігі туралы мәліметтер болған жоқ.

Ауғанстанның Ұлттық сейсмология орталығы да жер сілкінісі туралы хабарлады. Олардың мәліметтеріне сүйенсек, жер сілкінісінің магнитудасы 4.8 баллды құраған.

Серіктес жаңалықтары