×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Атыраулықтарға су кезең-кезеңмен беріледі

10.12.2023, 12:25
Атырау облысы әкімі баспасөз қызметі

Қатты аяз салдарынан Атырау мен қала маңындағы кенттердің тұрғындары сусыз қалғаны белгілі. Аталған факт бойынша Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

9 желтоқсан сағат 23:30-да «Атырау облысы Су арнасы» КМК  су сорғы станцияларының су алатын жерінде шәуіш пайда болып, Жайық өзеніндегі су ағыны баяулаған соң қалаға су беру тоқтатылғанын жазған едік.

Атырау облысы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 10 желтоқсан таңғы сағат 4:30-да қалалық желілерге су апаттық жағдайды болдырмау үшін төмен қысымда берілген. Бұл ретте «Атырау-Мақат» магистральдық құбыры техникалық себептерге байланысты Береке шағын ауданына (тоғыз қабатты үйлер), Көктем, Жұлдыз - 3, Теңдік, Ақсай-1, Ақсай-2 шағын аудандарында су беруді тоқтатты.

«Атырау облысы Су Арнасы» КМК-нің арнайы бригадасы су сорғы станцияларындағы шәуіштерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір сүңгуірлер жұмыс істеуде.

Серіктес жаңалықтары