×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қызылша ауруының таралуы бойынша Қазақстан әлемде үшінші орынға шықты.

11.12.2023, 10:50
Қызылша ауруының таралуы бойынша Қазақстан әлемде үшінші орынға шықты.
Ашық дереккөзден

АҚШ-тың ауруларды бақылау орталығы әлемде қызылша жұқтыру бойынша статистиканы жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл тізімде Қазақстан үшінші орында тұр. Орталықтың мәліметінше, елімізде 2023 жылдың мамы айынан қазан айына дейін қызылша жұқтырудың 12 985 жағдайы тіркелген. Ең көп жұқтыру жағдайы Йемен елінде - 25 261 адам. Одан кейін Үндістан (14 927) жайғасқан.

Айта кетейік, елімізде соңғы мәлімет бойынша  қызылша жұқтырғандар саны жиырма мыңнан асты. Қазақстанда қызылшаға қатысты эпидемиологиялық жағдай әлі де күрделеніп тұр.

Бұған дейін аурудың ең жоғары деңгейі Шымкент, Алматы қалаларында, Алматы және Жамбыл облыстарында тіркелгенін жазған едік.