×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Шайбалы хоккейден әлем чемпионаты: жастар жарап тұр

12.12.2023, 08:43
Ашық дереккөзден

Шайбалы хоккейден Қазақстан құ­ра­масы Мажарстанның астанасы Буда­пештте өтіп жатқан жастар арасындағы әлем біріншілігін сәтті бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«А» тобында өнер көрсететін отандастарымыз тұсаукесер кездесуін жарыс қожа­йындарына қарсы өткізді. Ойын тізгінін бір­ден қолға алған Сергей Старыгиннің шәкірт­тері бірінші кезеңде екі шайбаны қақпаға енгізді. Бұл голдардың авторлары – Давлат Нүркенов (4-минут) пен Егор Смольянинов (13-минут). Оған мажарстандықтар Герго Михаликтің (14-минут) голымен ғана жауап қайтарды. Үзілістен кейін Бендегуз Добош (39-минут) таразы басын теңестірді. Есесіне үшінші кезеңде қонақтар қарқынын күшейтті. 49-минутта Артем Авдеенко нысананы дәл көздесе, 53 және 58-минуттарда Всеволод Логвин қатарынан екі гол соқты. Есеп – 5:2.

Кеше түнде ел хоккейші­лері Данияны 3:2 есебімен ұтты. Матч Қазақстан үшін сәтсіз басталған. Ойынның 15-минутында Оскар Фискер Молгаард Данияны алға шығарды. Екінші 20-минуттықта да ештеңе өзгермеді. Тек үшінші кезеңде Старыгин шәкірттері есін жинай бастады. Алдымен Бейбарыс Оразов таразы басын теңестірді. Бірақ араға бір минут салып даттар қайтадан басымдыққа ие болды. Дегенмен, біздің жігіттер камбэк жасай білді. Кирилл Ляпунов пен Руслан Оспанов бір-бір шайбадан соғып, жеңіс сыйлады. 

Отандастарымыз алдағы күндері Франция, Жапония және Аустария құра­ма­ларымен шеберлік байқасады.

Серіктес жаңалықтары