Жағымсыз жағдайдың себебі газ құбырындағы апатқа байланысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жамбыл облысының әкімдігі магистральдық газ құбырында апат болғанын хабарлады. Нәтижесінде Гродеково, Жасөркен, Қызылдихан, Қызылқайнар және Полатқосшы ауылдарындағы 980 үй жылу мен газсыз қалды.
Жөндеу жұмыстарына екі бригада жұмылдырылған. Гродеково ауылындағы барлық әлеуметтік нысандар баламалы жылу көзіне қосылған.
Бұған дейін мәжіліс депутаты Ерлан Саиров депутаттық сауалында бірінші аяз түсумен еліміздің коммуналдық инфрақұрылымының сыр бере бастауы дәстүрге айналып отырғанын айтқан болатын.