×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жүгенсіз жүргізуші: Миллион теңгеден астам айыппұлы бар көлік иесі ұсталды

17.12.2023, 13:44
Алматы қалалық полиция департаменті

Алматы қаласында миллион теңгеден астам айыппұлын төлемей жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, "Мерседес" маркалы көліктің жүргізушісіне жол-көлік ережесін бұзғаны үшін салынған әкімшілік айыппұлдар бойынша қарыздың жалпы сомасы - 1 миллион 176 мың 450 теңге.

“Құқық бұзушыны ЖПҚБ іздестіру бөлімшесі мен мамандандырылған батальонының қызметкерлері «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтады”, – деп хабарлады қалалық полиция департаментінен.

Көлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін айыппұлдарды мемлекетке өндіру жұмыстары жүргізілуде.

Серіктес жаңалықтары