×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар әлі жабық

17.12.2023, 15:07
Қазақстанда қай бағыттағы жолдар әлі жабық
Денис Аникин

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты көлік қозғалысына шектеулер әлі сақталуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазавтожол" мекемесі өкілдерінің мәліметінше, қазіргі уақытта екі өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың екі учаскесінде жол жабық.

Жамбыл облысында:

Алматы-Ташкент-Термез автожолы, Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі учаске (Жаңа Қордай асуы), ұзындығы – 95 км;

Жетісу облысында:

Үшарал-Достық тас жолы, Көктұм станциясынан Достық станциясына дейінгі жол. Ұзындығы  – 100 км.

Бұл шектеулер көліктің барлық түрлеріне қолданылады. Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдардың аталған учаскелерінде жағдайды реттеуге 288 техника жұмылдырылған.