×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Астанада өтетін халықаралық байқауға 450 оқушы қатысады

18.12.2023, 18:30
gov.kz

Конкурс алты бағыт бойынша ағылшын тілінде өткізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада "INFORMATICS-ASIA" компьютерлік жобалардың халықаралық сайысы басталды. Жарысқа әлемнің 4 елінен 184 жобамен 450 оқушы қатысады.

Байқаудың негізгі мақсаты:

- IT саласындағы ғылыми зерттеулерге қызығушылық танытатын талантты жастарды анықтау, қолдау және дамыту;

- IT саласын дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу;

- Түрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарта отырып, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шығармашылық тәжірибе алмасу.

Байқау ағылшын тілінде және алты бағыт бойынша өткізіледі: робототехника-FLL Challenge және Arduino Hackathon; компьютерлік бағдарламалау; компьютерлік графика және өнер; қолданбалы зерттеу жобалары; қысқаметражды фильмдер; қолданбалы математика жобалары.

"Айта кетейік, Қазақстанда жарыс 10 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Осы уақыт ішінде ғылыми іс-шараға 20 елден 5000-ға жуық оқушы қатысты", - деп хабарлады оқу-ағарту министрлігінен.

Серіктес жаңалықтары