×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Түркістан облысы кедейшіліктен көш бастап тұр

20.12.2023, 17:22
Коллаж Ulysmedia

2022 жылы Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа табысы 157 мың теңгені құраған. Номиналды түрде көрсеткіш 20,2%-ға өсті, ал нақты өсім 4,5%. Жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейі былтыр орта есеппен 43 566 теңгені құрады. Ұлттық статистика бюросының "Қазақстан балалары" статистикалық жинағының дерегіне сәйкес былтыр республика тұрғындарының 5,2%-ы кедейлік шегінен төмен деңгейде өмір сүрген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресми статистика бойынша балалы отбасыларға орта есеппен 808 918 теңге кіріс кірген. Егер отбасы қалада тұрса, ол — 876 308 теңге, ал ауыл тұрғыны болса 708 529 теңге есепке алынған. Айта кетейік, негізінен аз қамтылған отбасылары көп балалы болады.

Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейіне жетпейтін тұрғындар үлесі соңғы бес жылда 0,9%-ға ұлғайды. Мәселен, егер 2018 жылы кедейлік шегінен төмен тұратын азаматтар 4,3% құраса, 2022 жылы 5,2%-ға жеткен. Статдеректерге сүйенсек Түркістан және Маңғыстау облыстарында кедейлер көп. Астана мен Ұлытау облысындағы жағдай жақсы. 17 жасқа дейінгі балалардың күнкөрісі төмен өңірлер:   Түркістан облысын, Шымкент, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Кедейлік шегінен төмен өмір сүретін отбасылар саны бала санының өсуімен тура пропорционал. Мәселен, үш және одан да көп баласы бар отбасылардың 70%-дан астамына ай сайын жан басына шаққандағы орташа табыс 60 мың теңгеден аз кіріс кіретін көрінеді.

Балалар кедей халықтың 48,6% құрайды. Қалада көрсеткіш одан да жоғары – 50,1%.

Серіктес жаңалықтары