×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстан АҚШ-тың өтінішімен ұсталған "хакерді" Ресейге экстрадациялайды

21.12.2023, 12:32
F.A.C.C.T.

Қазақстан АҚШ бастамасымен Интерполдың сұрауы бойынша ұсталған F. A. C. C. T. компаниясының қызметкері Никита Кислицынды Ресейге экстрадициялау жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Ресей бас прокуратурасына сілтеме жасай отырып Ulysmedia.kz хабарлайды.

Ресей билігі Никита Кислицинді "заңмен қорғалатын компьютерлік ақпаратқа заңсыз қол жеткізді" және "бопсалады" деген айыппен қылмыстық жауапкершілікке тартпақ.

Тергеу мәліметі бойынша, 2022 жылдың қазан айында Кислицин "серіктестермен бірге коммерциялық ұйымдардың бірінің сервер деректеріне заңсыз қол жеткізіп, ақпаратты көшіріп алған".

– Деректерді алғаннан кейін олар ұйымның және басқа да заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүддесіне елеулі түрде зиян келтіретін ақпаратты жария дереккөздерде таратпау үшін 550 мың рубльге баламалы сомаға криптовалютадағы төлемді талап еткен, – делінген хабарламада.

Кислицын Алматыда 22 маусымда ұсталған. 2020 жылы АҚШ әділет министрлігі оны сыбайласымен бірге 2012 жылы Formspring әлеуметтік желісінен ұрланған деректерді сатты деп айыптаған.

Ресей ІІМ де Кислицынді іздеуге жариялады. Ол Ресейде сырттай қамауға алынған.

F. A. C. C. T. (компьютерлік қауіпсіздік жөніндегі әзірлеуші компания, Ресейдегі бизнесін жергілікті менеджментке сатқан Group IB мұрагері) өкілінің айтуынша, Кислицинге қатысты шағымдар журналист және тәуелсіз зерттеуші болып жұмыс істеген 10 жыл бұрынғы оқиғаларға байланысты болып отыр.

Серіктес жаңалықтары