×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Вице-министр Мәди Ахметовтың неліктен армияға бармағанын түсіндіруге тырысты

26.12.2023, 15:18
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қорғаныс министрлігінің орынбасары мен департаментінің өкілі экс-депутат Мәди Ахметовты неліктен армияға бармағанын түсіндіруге тырысты. Былтыр "Мәди Ахметовты армияға алып кетулі талап етеміз" деген петиция жарияланған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

 

Еске сала кетейік, кеше мәжілістің экс-депутаты Мәди Ахметов Алматы облысының жастар саясаты басқармасының басшысы болып тағайындалған еді. Ахметовтың өзі 2019 жылдың жазында танымал бола бастаған. Қазақстанның экс-президентімен кездесуінде ол Алматыдағы аттас даңғылға Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін орнату туралы «елдің барша жастарының ұсынысын» қолдауды сұраған.

Ал кейін “Ахметовты армияға жібере керек” деп петиция жарияланған еді. Алайда мыңдаған адам қол қойғанымен экс-депутат армияға бармаған.

Бүгін орталық коммуникциялар алаңында Қорғаныс миниистрлігінің басшыларына осыған байланысты журналист сұрақ қойды.

– Мәди Ахметов кеше қызметке тағайындалды. Ол Отан алдындағы борышын сол күйі өтеген жоқ. Әлеуметтік желіде қорғаныс министрінің атына “оны әскерге алып кетіңдер” деген петиция жарияланған еді. Оған он мыңнан астам адам қол қойды. Мәди Ахметов не себепті әскерге бармады, – деп сұрады журналист.

Бұл сұраққа жауап берген қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалетдинов айтулы қызметтерде азаматтар отырғанын, заңда қандай жағдайда оларды армияға шақыруға болатыны жазылғанын айтады. Оның сөзінше, егер оның жасы 27 жастан асса, оны ешкім мерзімді әскери қызметке шақырмайды. Егер оның офицерлік атағы болса, яғни жоғары оқу орнында әскери кафедраны аяқтап, запастағы офицер қатарына енсе, ол әскери қызметке “запастағы офицер” ретінде екі жылға шақырылуы мүмкін.

– Мен оның жасын білмеймін. Білуімше, ол әскерге шақырылатын жастан өтіп кетті, – дейді Сұлтан Камалетдинов.

Қазақстан Қарулы күштерінің бас штабы бастығының ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Руслан Омаровтың айтуынша, Мәди Ахметов 1995 жылы 18 қыркүйекте туған. Демек, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 27 жастан асып кеткеннен кейін оны ешкім шақырмайды.

Десе де журналист “мәселе онда емес, петиция оның әскерге жарамды кезінде жазылған, сол кезде неге шақырмадыңыздар?” деп сұрағын қайтара қойды. Сұлтан Камалетдинов Қазақстанда жыына 500 мыңға жуық бала мектеп бітіретінін, оның 200 мыңы әскерге баратын жаста болатынын айтады.

– Бірақ соның бәрін әскерге шақыруымыз керек дегенді білдірмейді. Бізге ондай көлемде әскер жинаудың қажеті жоқ, – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары