×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қазақстандықтар әлеуметтік желінің қайсысында көбірек отырады

28.12.2023, 07:55
Фото: Ашық дереккөзден

Былтырдан бері Қазақстанда әлеуметтік медиаға қызығатындар артып келеді. Data.ai Intelligence ақпаратына сәйкес, елде 120 миллионнан аса мәрте қосымшалар жүктелген. Бұл өсім әртүрлі әлеуметтік платформадағы пайдаланушылар базасы барын көрсетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандықтар қандай платформаларға қызығады

Data.ai жүргізген пайдалану есептеулерінің дерегі бойынша әлеуметтік платформалардың қай түрі Қазақстанда көбірек назарға ілінгені көрсетілген. Былтыр TikTok өз аудиториясын 25% - ға арттырса, Instagram базасын 12% өсіммен сенімді түрде өсімді жалғастырып отыр. Facebook та былтыр аудиторияны 25% көбейтсе, VК 7%-дық өсімге жеткен. Likee платформалары мен Одноклассники 5%-ға көтерілген. Алайда, 2023 жылы Қазақстан нарығына шыққалы бері Cheelee өз аудиториясын 77%-ға ұлғайтып отыр.

Бұл сандар әлеуметтік медианың Қазақстанның цифрлық мәдениетінің ажырамас бөлігіне айналғанын айғақтайды. Шексіз мазмұн арналары, креативті сөйлеу мүмкіндіктері және динамикалық пікірталастар бұл платформаларды танымал ойын-сауыққа ғана емес, сонымен қатар елдің әлеуметтік-мәдени өмірінің негізгі элементінің біріне айналдырған.

Пайдалы қосымша

Қызықты әлеуметтік желі түрлерінен басқа, біз ең пайдалы eGov mobile пайдаланушыларының да өсімі 25% құраған.

Серіктес жаңалықтары