×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Бұл қай сасқаны - ресейлік бапкер футболшыға қазақ тілінде сөйлеуге тыйым салған

30.12.2023, 14:55
Коллаж Ulysmedia

Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Жамбыл Көкеев 2009 жылы "Астана" (сол кездегі "Локомотив") командасының намысын қорғап жүрген кезде белгілі ресейлік жаттықтырушы Сергей Юранмен болған жанжал туралы айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Borodabata YouTube-каналына берген сұхбатында ол:

"Бір күні түскі ас кезінде асханада үстел басында бес-алты адам – қазақтар бөлек отырдық. Біздің командада орыс тілінде сөйлей алмайтын қазақтар болды. Біз қазақ тілінде әзілдеп, күліп отырдық. Сол кезде жаттықтырушы маған: "Көкеев, не күлесің?! Мен саған қазақ тілінде сөйлеуге тыйым саламын!" деді. Мен: "Сен кімсің?! Қазақстанға келіп, маған өз ана тілінде сөйлеуге тыйым салатын" дедім. Міне, осылайша жанжал басталды. Ол мені дубльге жіберді", - деді Жамбыл. 

Юран клубта 2009 жылдың ақпанынан қыркүйегіне дейін жұмыс істегенін атап өткен жөн.

Серіктес жаңалықтары