×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Павлодарда екі баланы зорлаған педофил 22 жылға сотталды

30.12.2023, 15:39
polisia.kz

Павлодар облысында кәмелетке толмаған екі баланы зорлаған педофилге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Істі Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық түрде қарады.

Қылмыстық іс үш баппен ҚК 120-бабы 3-1-бөлімі 1-тармағы "Зорлау", 121-бабы 4-бөлімі "Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері", 120-бабы 4-бөлімімен қаралды. Сотта прокурор педофилді 24 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Сотталушы А. кінәсін мойындамады, керісінше соттан өзін ақтауды сұрады. Күдіктінің кінәсі жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, іс бойынша жүргізілген сараптамалармен және сотта зерттелген басқа да дәлелдемелермен дәлелденді", - деп жазылған хабарламада.

Заңда мұндай қылмыс үшін 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

"Соттылығының және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде 22 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді", - дейді ведомство.

Сондай-ақ сотталушы өмір бойы педагогикалық лауазымдар мен кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары