×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Маңғыстау мұнайшылары өз өкілдерін Астанада билік органдары қабылдамағанын мәлімдеді

01.01.2024, 12:55
Фото: Скриншот

WestOilSoftware мұнай сервисі компаниясының жұмысшылары президент тағы үндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мұнайшылардың мәлімдемесі

«Бүгін 31 желтоқсан. Біз, WestOil жұмысшылары күні-түні тұрғанымызға бүгін 21 күн. Айтарға сөзіміз таусылды. Біздерді соттады, жеті адамды жұмыстан шығарды, әртүрлі жалған ақпарат таратты. Ұжым атынан өкілдерімізді Астана қаласына жібегенбіз. Алайда сол өкілдерімізбен қолында билігі бар үкімет басшылары кездесуге құлықсыз. Әлихан Смайылов, ел тағдырын қолыңызға ұстап отырып үнсіз қалуыңыз – сізге сын! Қайда біздің «Жаңа Қазақстан»? Қайда біздің «естуші үкімет»? Қайда біздің мандат аларда жан берісіп, жаға жыртысып сайланған депутаттар? Әлде сол депутаттар арандары ашылған олигархтардың қолшоқпары болып кеткен бе? Әділ шешім шыққанша, заңды ереуілімізді тоқтатпаймыз. Біздің талап осы!» – дейді олар видеоүндеуінде мұнайшылар.

Естеріңізге сала кетсек, мекеме жұмысшылары 2023 жылғы 11 желтоқсаннан бастап жұмысты толығымен тоқтатып, ереуілге шыққан.

Олар аталған мекеменің өндірістегі материалдық техникалық базасын жаңарту, мекеме жұмысшыларын «КазМұнайГаз» ҰҚ АҚ қосу, еңбек ақы төлеудің бірыңғай жүйесінің тарифімен теңестіру талаптарын қойған. Бұдан кейін энергетика министрі ереуілге қатысты пікірін білдірген болатын.

Серіктес жаңалықтары