×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қоянбаевтың кинода жалаңаш жүргені жұрттың ашуын туғызды

08.01.2024, 15:53
стоп кадр

Әлеуметтік желі қолданушылары продюсер Нұрлан Қоянбаевтың "Алматы" теларнасынан көрсетілген "Тайландтағы демалыс" фильмін сынға алды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Эпизодтардың бірінде Нұрлан Қоянбаев бастаған актерлер тыр жалаңаш болып түскен.

Танымал журналист Сәуле Әбілдаханқызы өзінің Фейсбук парақшасында фильмді түсіргендердің де, түскендердің де, экранға шығарып көрсеткендердің де әрекетін ақтауға келмейтінін айтты.

“Алматы” арнасы көрсететін түк таппаған ғой, байғұстар… Тоқаев мырза, мынадай кино түсіргіштерге де, оны насихаттап таратушы телеарналар мен кинотеатрларға да қатаң шара қолданып, тыйым салыңыздар! Миллиондап айыппұл төлететін заң қабылдаңыздар!”, – деді журналист.

Постқа пікір жазғандар көп. Оқырмандар “Бізге совет үкіметіндей мықты көркемдік кеңес деген ұйым керек”, “ҚР азаматы ретінде,және салық төлеуші ретінде ,бұл киноны алып тасталуын талап етем”, “Азғындатып жатыр жасөспірімдерді, бұл қылмыс!!!”, “Масқара, өскелең ұрпақты ұятсыздыққа тәрбиелеп жатырмыз ба? Айтарға сөз таппай отырмын...” деген мәндегі пікірлер жазған.

Естеріңізге салсақ, 2019 жылы Қоянбаевтың "Бизнес по-казахски в Африке" фильмі де көпшіліктің сынына іліккен болатын.

Сол кезде журналист Арман Сқабылұлы ұятсыз ишараттардың экран бетіне шығып кеткеніне қынжылғанын айтқан еді.

"Бала кезімізде "бүйтіп жіберу" дегенді бұзақы балалардан үйреніп, үйге келгенде қайталап, әкемізден оңбай шапалақ жегеніміз бар. Ол әркімнің–ақ басынан өткен шығар... Басқаларда қалай екенін білмеймін, қазақ баласы үшін ең азғын, ең ұятсыз ишарат /жест/ - осы "бүйтіп жіберу". "Анау ананы бүйтіп жіберіпті", "бүйтем депті", "мен сені бүйтіп жіберемін" деп алақанымен жұдырығын ұрғылаған азғындық енді киноға жетті", - деп күйінді ол.

Серіктес жаңалықтары