×
451.31
487.32
4.9
#2023жылқорытынды #қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
451.31
487.32
4.9

Ауылға баратын жастарға 9 млн теңгеге дейін бюджеттік несие беріледі

10.01.2024, 17:13
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл бағытта бюджеттен 30 млрд теңге бөлу көзделген. Үкімет «Серпін» бағдарламасына осылай тың тыныс беруге тырысып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Серпін» жобасы бойынша екі жылдық жұмыспен өтеу мерзімін аяқтаған жас мамандар (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласында, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне) «Дипломмен – ауылға»  бағдарламасы шеңберінде әлеуметтік көмек ала алады. Онда 100 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит төлеу түріндегі қолдау ретіндегі әлеуметтік шаралар көзделген.

– Бұдан басқа ауылды аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде «Дипломмен – ауылға» жобасы бойынша мамандарға әлеуметтік қолдау көрсетуді жақсарту мақсатында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап көрсетілген бюджеттік кредит (1500 АЕК-тен 2500 АЕК-ке дейін, аудан орталықтары мен ауылды елдімекендер үшін 2000 АЕК-ке дейін) мөлшері ұлғайтылады. 2024 жылы  3,6 мыңнан астам маманға 30 млрд теңгеге бюджеттік кредит беру жоспарлануда, - делінген үкімет басшысының депутаттарға берген жауабында.

Сонымен бірге, қолданыстағы бағдарламаларды жүйелеу мақсатында «Отбасы банк»  АҚ-мен бірлесіп несиелеудің жеңілдікті шарттары бар жастар үшін бірыңғай тұрғын үй бағдарламасын іске асыру мәселесі пысықталған.

Еске сала кетейік, депутаттар «Серпін» бағдарламасы тоқтағалы тұрғаны турасында осыдан екі жыл бұрын да дабыл қаққан. Ол тұста сенаторлар жеңілдіктің алынып тасталуы оңтүстік өңірден келген түлектердің солтүстік өңірлердегі колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуға деген ынтасы құртатынын мәлім еткен еді.

Серіктес жаңалықтары