×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Жертөлеге қалай түсіп кеттік». Рейтингте төмен тұрған министрлер не деп ақталады

16.01.2024, 11:01
Коллаж: ulysmedia.kz.

«Стратегия» саяси және әлеуметтік рейтингінде төмен тұрған министрлер – энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев пен сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев. Үкіметтің бүгінгі баспасөз мәслихатында журналистер екі министрден осы жөнінде не ойлайтынын, не себепті жұмысы тиімсіз министрлер қатарында тұрғанын сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Өз ашықтықтарыңызды, еңбектеріңізді қалай бағалайсыздар? – деп сұрады журналист.

Бұл сұраққа алдымен, Арман Шаққалиев жауап берді. Ол әртүрлі рейтингтерді ұнатпайтынын, кері байланыс шеңберінде расында да, кейбір рейтингтер пайдалы екенін айтады,

– Мен міндетті түрде ол рейтингпен танысамын. “Жертөлеге қалай түсіп” кеткенімізді анықтайын. Алайда министрлердің ашықтығын сіздер (БАҚ өкілдері) анықтайсыздар. Ал өз-өзімізді бағалау қиын. Басқа бағыттарды айтар болсақ, салада нақты тиімділік бар ма, жоқ па – сол сұраққа жауап болуы керек. Сол себепті таяуда ғана тағайындалғанымды ескере келе біздің тиімді жұмысымыз әлі алда дегім келеді. Өз сөзімізді әлі айтамыз. Зерттеп, кері байланыс ретінде ол рейтинг бізге керек пе, қарайық. Әйтпесе, кейбір рейтингтер қаралымды көбейту үшін жасалады, – дейді Шаққалиев.

Ал Алмасадам Сатқалиев әрбір рейтингтердің өзіне сыни көзбен қарау керек деп есептейді.

– Мен сіз айтқан мәселен, агенттікті естімеппін де. Сарапшыларды тыңдау керек. Басылымдары мен телеграм-арналары барларды білем. Олар рейтингті қалай жасайтынын, оны құру кезінде қандай талаптарға мән берілетінін білем. Бәріне сыни қарап, шынайы абыройы бар сарапшылар ортасын тыңдау керек, – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары