×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Пәкістан мен Иран неге қақтығысып қалды

18.01.2024, 14:59
Фото: Ашық дереккөзден

Пәкістан Иранның оңтүстік-шығысындағы Систан және Белуджстан провинцияларындағы бірнеше нысанға бірқатар соққы жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Пәкістан СІМ-ге сілтеме жасай отырып.

Пәкістан билігі не дейді

Пәкістан СІМ соққының мақсаты "Пәкістанның қауіпсіздігі мен ұлттық мүдделерін қамтамасыз ету үшін" деп мәлімдеді. Өйткені Пәкістан билігі Иран аумағында паналайтын, Пәкістаннан шыққан содырлардың "ауқымды террористік белсенділігінің жанданғаны" туралы ақпараты болған.

Ведомство операция барысында бірнеше содыр өлтірілді деп мәлімдейді.

Анадолу түрік мемлекеттік ақпарат агенттігі Пәкістан армиясы Пәкістанда, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Еуропалық одақта және Қытайда террористік деп танылған "Белуджистанның азаттық армиясының" жеті нысанына шабуыл жасады деп жазады.

Құрбан болғандар

Ирандағы БАҚ жергілікті билікке сілтеме жасай отырып, Сараван қаласында және оның айналасында жарылыс болғанын жазды.

Дрондар мен зымырандардың шабуылынан жеті адам қаза тапқан. Оның үшеуі әйел, төртеуі бала. Олар Иран азаматтары емес.

Пәкістан премьер-министрінің міндетін атқарушы Анвар-ул-Хак Какар болған оқиға аясында Давосқа жоспарланған Дүниежүзілік экономикалық форумға сапарын тоқтатты.

Қақтығыстың тарихы

16 қаңтарда Иран Пәкістан аумағындағы нысандарға соққы жасаған.

Ирандық БАҚ шабуылдар "Джейш әл-Адл" тобының штабтарын жоюға бағытталды деп жазды.

Пәкістан СІМ мәліметтері бойынша, бұл шабуылда екі бала қаза тауып, тағы үш адам жарақат алған.

Серіктес жаңалықтары