×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Смайылов бірыңғай уақыт белдеуі қаулысына қол қойды: ол нені білдіреді

20.01.2024, 10:01
Коллаж Ulysmedia.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов Қазақстан аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қаулы не дейді?

Құжатқа сәйкес, елде Қазақстанда уақытты есептеу сағат белдеулерінің халықаралық жүйесі бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында 5-ші сағаттық белдеу қолданылады. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының, Абай, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау, Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдіктері 2024 жылғы 29 ақпаннан 2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) жергілікті уақытты 1 сағат артқа ауыстырады.

19 қаңтарда үкімет Қазақстанның барлық аумағында UTC+5 уақыт белдеуін енгізу туралы қаулыны бекіткен еді.

Зерттеу

Былтырдан бастап медицина, физиология, география, метрология және басқа да түрлі салаларды қамтитын жұмыс тобының мүшелері Қазақстанда қолайлы уақыт белдеуін белгілеу мәселесін зерттеп келеді. Жұмыс тобына қатысушылар UTC+5 бірыңғай уақыт белдеуіне көшу ең дұрыс және оңтайлы нұсқасы екенін және Қазақстанның көптеген аймақтары табиғи уақытқа ең жақын уақытты пайдаланатын болады деген ортақ пікірге келген. Бұл ретте жұмыс тобы халықаралық тәжірибені саралап, әлемнің 175 елінде бірыңғай уақыт белдеуі қолданылса, 22 мемлекет бірнеше уақыт белдеуінде екені белгілі болып отыр.

Серіктес жаңалықтары