×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

AO Juniors: Омарханов жұптық сынды жеңіспен бастады

22.01.2024, 12:33
Фото: Ulysmedia.kz

Мельбурнда өтіп жатқан AO жасөспірімдер сайысында отандасымыз Әмір Омарханов жұптық сынның екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бірінші раундта Оңтүстік Корея теннисшісі Киммен бірге Испания-Нидерланды жұбына (Валиенте-Бугард) қарсы ойнап, 6:3, 7:5 есебімен жеңді.

Сондай-ақ, тағы бір жерлесіміз Асылжан Арыстанбекова Беларусь теннисшісі Юлия Перепехинамен Аустралиялық қыздардан құралған жұпты ұтып кетті. Есеп 6:1, 6:3.

Айта кетейік, Рыбакина жеңілсе де Аустралия ашық біріншілігі біз үшін әлі біткен жоқ. Себебі ертең турнир аясында 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге арналған Australian Open Junior Championships басталды.

Аталмыш жарыстың негізгі кестесінде екі бірдей теннисші қазақ елінің намысын қорғамақ. Олар Қарағанды тумасы Әмір Омарханов (16 жас) пен алматылық Асылжан Арыстанбекова (17 жас).

Бұған дейін Қарағанды тумасы Әмір Омарханов турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Федерико Чинаны ұтып кеткен еді.

Серіктес жаңалықтары