×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі жер сілкіністері

23.01.2024, 14:36
Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстанда жер сілкінісі жиі тіркелетін сейсмикалық тұрғыда қауіпті өңірлер бар. Бір жақсысы, елдегі жер сілкіністері таяуда Түркия немесе Жапонияда болған зілзалай ауқымды әрі қуатты емес. Десе де жер сілкінбей тұрмайды. Ulysmedia.kz тілшісі кейінгі жылдары елдің әр өңірінде болған ірі дүмпулерді еске түсіріп көрді.

Ең қуаттысы Текеліде тіркелген

2003 жылдың желтоқсанында Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 310 шақырым жерде (Сүмбе) магнитудасы 5,7 жер сілкінісі тіркелді. Оның дүмпуі Алматы облысының Райымбек ауданында сезілді. Эпицентральды аймақ шегіндегі шектеулі аумақта оның жер бетіндегі көріну қарқыны MSK-64 шкаласы бойынша 7 балға жеткен.

Жер сілкінісінің эпицентрінен 20 шақырым қашықтықта орналасқан Сүмбе елдімекені қатты зардап шекті. Саманнан тұрғызылған үйлер мен ғимараттар қирады. Жер үйлердің қабырғалары ажырап, олар қираудың 4-ші дәрежесінде зақымдалғаны анықталды.

2003 жылдың 22 мамырында Алматыдан 300 шақырым жерде эпицентрінің қуаттылығы 1=7-8 балға дейін барған жер сілкінісі тіркелді. Жалпы аумағы 500 шаршы шақырым аумақтағы 8600 нысан бүлінді. Салдарынан 3 адам қаза тауып, 26 адам жарақат алды. 20 820 адам үйсіз қалды.

2002 жылдың 15 ақпанында Алматыдан 360 шақырым жерде 7-8 балдық жер сілкінісі болды.

2008 жылдың 26 сәуірінде Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының Рыбцех кентінде магнитудасы жетілік жер сілкінісі салдарынан жүздеген тұрғын үй, сондай-ақ бірқатар әлеуметтік нысан бүлінді. Жалпы материалдық шығын 670 млн теңгеден асты.

2009 жылы қазіргі Жетісу облысының Текелі қаласында болған жер сілкінісін сейсмологтар Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең қуаттысы деп бағалайды. Табиғи апат 2009 жылдың 13 маусымында жергілікті уақыт бойынша 23:17-де тіркелді. Жер сілкінісі бүкіл аймақта сезілді, бірақ Текелі қатты зардап шекті. Бұл қаладағы сілкіністердің қарқындылығы жеті ұпайға жетті.

Сол жылы бұқаралық ақпарат құралдарында жергілікті тұрғындардың үйлерінің қабырғаларында үлкен жарықтар мен құлаған сылақ бейнеленген суреттер кеңінен тараған. Текелі жер сілкінісінен зардап шеккендер мен жараланғандар болған жоқ, алайда арнайы құрылған комиссияның мәліметінше, табиғи апаттан келтірілген залал 400 млн теңгені құраған. 

2014 жылғы 21 маусымда Қарағандыда болған жер сілкінісі жергілікті тұрғындарды ғана емес, сейсмологтардың өзін де таңғалдырған. Сол күні сейсмикалық станциялар Орталық Қазақстанда айтарлықтай күшті жер сілкінісін тіркеді. Оның магнитудасы 5,2 балға дейін жетті. 

Мамандар Алматының солтүстігіндегі жер сілкінісі сирек кездесетін оқиға екенін атап өткен сол тұста. Жер сілкінісінен бұрын орталық және Солтүстік Қазақстанда көбінесе пайдалы қазбаларды игеруге байланысты өнеркәсіптік карьерлік жарылыстар жиі тіркеледі.

Алматыдағы жер сілкінісі

Ең айтулы жер сілкіністерінің бірі бүгін түнде – 2024 жылдың 23 қаңтарында Алматыда тіркеліп отыр. Бес балдық жер сілкінісінен зардап шегіп, жарақат алғандар саны қырық адамнан асқан. Кісі өлімі тіркелген жоқ. Билік органдары алдағы күндері ірі жер сілкінісі болмайды деп сендіреді.

Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов үкімет отырысында (онлайн қатысты) жер сілкінісі 4 облыста болғанын, ең қуаттысы Алматыда болғанын мәлімдеді.

Құтқарушылар жер сілкінісі болған жағдайда мына 10 кеңесті есте сақтауға шақырды. Олар не дейді:

  • Сабырлы болыңыз, үрейленбеңіз;
  • Жер сілкінген кезде лифтті пайдаланбаңыз;
  • Жиһаздардан, терезелерден, люстралардан алыс жүріңіз;
  • Сенімді, берік орын табыңыз: егер сіз жоғарғы қабатта болсаңыз, қабырғалардың бұрышынан орын алыңыз;
  • Үй-жайдан шығыңыз (көпқабатты үйлерде – дүмпу тоқтағаннан кейін);
  • Суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
  • Алдын ала дайындалған шұғыл сөмкені алыңыз;
  • Электр желілерінен, ғимараттардан, ағаштардан аулақ болыңыз;
  • Жер асты дүмпулеріне дайын болыңыз;
  • Балаларға, қарттарға, мүгедектерге көмек көрсетіңіз.
Серіктес жаңалықтары