×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты

24.01.2024, 12:22
Фото: gov.kz

Ұлы ойшыл, ғұлама Қожа Ахмет Ясауидің Америкадан табылған қолжазбасының көшірмесі жарыққа шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Qazaqstan телеарнасының мәліметінше, Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының мамандары жариялаған «Рисала Мират әл Кулуб» кітабының түпнұсқасы ХІІ ғасырда араб графикасымен түркі тілінде жазылған.

Қолжазба «Диуани хикметке» қарағанда, проза түрінде жарық көрген. Үш тараудан тұратын шығарма- әділдік, адалдық, ізгілік сияқты гуманистік құндылықтарды сипаттайды.

Қазір мамандар Вашингтондағы АҚШ Конгресінің кітапханасынан табылған 18 ғасырда көшірілген нұсқа мен бұрыннан бар түпнұсқаның ерекшелігін зерттеп жатыр. Қолжазбаның 12 ғасырдағы түпнұсқасы Ұлттық кітапханада сақталған.

Серіктес жаңалықтары