×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Елімізде мамырда киік санағы жүргізіледі

13.02.2024, 17:49
ТАСС

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Тұрғамбаев киік атудың келесі кезеңі қашан басталатынын айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Ол биологиялық негіздеме жазылады. Негіздемені ғылыми мекемелер жасайды. Сол кезде мерзімі, мезгілі анықталады», - деді министрлік өкілі.

БАҚ өкілдері бұл кезең жылдың қай мезгіліне дөп келуі мүмкін екенін сұрады. 

«Енді сол, биыл, маусым-шілде айларына дейін негіздеме дайын болуы керек. Санақтан кейін ғой. Мамыр айында санақ өтеді. Сол санақ қорытындысы бойынша дайындалады», - деді Данияр Тұрғамбаев.

Еске сала кетейік, былтыр қыркүйекте ақбөкендер Қазақстанда реттеуге жататын жануарлар тізіміне енгізілді. Экология және табиғи ресурстар министрлігі тиісті бұйрыққа былтыр қыркүйекте қол қойған еді.

Серіктес жаңалықтары