Ауа райының қолайсыздығына байланысты 11 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 46 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазіргі сәтте республикалық маңызы бар автожолды қысқы күтіп-ұстауға 289 бірлік техника және 347 жолшы жұмылдырылды.