×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Навальныйдың өлімі: Әлем елдері басшыларының реакциясы

16.02.2024, 18:11
Фото: Ашық дереккөзден

Ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың өліміне әлем елдерінің басшылары реакция білдіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украина президенті Владимир Зеленский:

«Жаңа ғана ресейлік түрмеде Алексей Навальныйдың өлгені белгілі болды. Әлбетте, оны Путин өлтірді. Ол ғана емес, мыңдаған адам сол біреудің салдарынан өліп, азапталып жатыр. Өз позициясын сақтаса болды – Путинге кім өлсе де бәрібір».

Латвия президенті Эдгар Ринкевич:

«Алексей жайлы саясат ретінде кім не ойласа да, оны Кремль қатігездікпен өлтірді. Бұл факт. Ресейдегі қазіргі режимнің шынайы табиғаты да сол».

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак:

«Өте қорқынышты жаңалық. Алексей Навальный ресейлік демократияның қорғаушысы ретінде жылдар бойы көзсіз ерлікт танытып келді». 

Германия канцлері Олаф Шольц: 

«Навальный Ресейге қайтып бару қайсарлығын өліммен өтеді».

Франция СІМ басшысы Стефан Сежурне:

«Навальный құрту жүйесіне қарсы өтем ретінде өмірін берді».

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг:

«Навальныйдың өлімі не себеп болғаны анықталуы тиіс. Ал Ресейге жауап беруге тиіс салмақты сұрақтар пайда болды».

Еурокеңес төрағасы  Шарль Мишель:

«Идеал үшін өз-өзін құрбан етті. ЕО осы қайғылы өлім үшін ресейлік режимге бірауыздан жауапкершілік жүктейді».

Навальный туралы не білеміз?

47 жастағы ресейлік саясаткер Алексей Навальныйды сот «экстремизм» бабымен былтыр 19 жылға соттап жіберді. 2022 жылдың наурыз айында 9 жылға сотталған ресейлік оппозиционер онсыз да жазасын түрмеде өтеп жатқан. Жемқорлыққа қарсы күрес қорын құрып, зерттеу-тергеуімен танымал саясаткер жайлы не белгілі?
2010 жылдарға дейін кәсіпкер, журналист қызметімен танымал Навальныйдың аты сол жылдардан бері шыға бастаған. 

Саясаткердің Ресей билігімен тіресіп, партия құрғысы келіп, оны тіркей алмай, әуре-сарсаңға түскен жылдары бар. Сайлауға да түсті. Навальный мен Сыбайлас жемқорлықпен күрес қоры «Ресей қоғамдық бастамасы» сайттарында ресейлік шенеуніктердің жемқорлығы жайлы біршама материал жариялады.

2011-2018 жылдар аралығында Навальный 10 рет әкімшілік қамауға алынған. Жалпы, осы уақыт ішінде абақтыда 192 күн болған. Deutsche Welle хабарлауынша, Навальныйдың темір тордың ар жағында өткізген уақыты 2017 жылы күрт өсіп, 2018 жылы 80 күнді құрады. Навальный 2011-2019 жылдар аралығында 474 күн қамауға алынды (оның 232-сі арнайы тергеу изоляторында, 242-сі үйқамақта).

Әйтсе де, Навальныйға Ресей президенті «Путинге тісі батпайды» деген сыны жиі айтылатын. Бұл сынды саясаткер бертін Путиннің сарайы жайлы түсірген зерттеуімен ысырды.

2020 жылы 20 тамызда Томскіден Мәскеуге қарай ұшқан Алексей Навальныйдың жағдайы ұшақта күрт нашарлап, ол есінен танып қалған. Алғашында Омбы ауруханасына жатқызылған саясаткер екі күннен кейін Германиядағы клиникаға ауыстырылды.

2021 жылдың 17 қаңтарында Навальный Германиядан Ресейге оралды. Федералды қылмыстық атқару қызметінің жедел департаментінің іздеу бөлімінің қызметкерлері Мәскеудің Шереметьево әуежайында оны бірден ұстады. Федералды қылмыстық атқару қызметі Навальныйдың Ив Роше ісі бойынша сынақ мерзімін бұзуына және оған іздеу жарияланғанына байланысты ұсталғанын, осыған байланысты Навальный сот бұлтартпау шарасы шыққанға дейін қамауға алынатынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары