×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Қазақстандық сейсмологтар жер сілкінісін тіркеді

18.02.2024, 17:46
Pixabay

18 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «ННЦСН» және «I» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі екі рет – Қытай мен Ауғанстанда жер сілкінісін тіркеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Сағат 14:59-да тіркелген бірінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 268 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,8. Магнитудасы MPV 4.6. Тереңдігі 5 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген Алматы қаласы ӘҚҰ кезекші операторының хабарламасында.

Сағат 17:20-да тіркелген екінші жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 1 110 шақырым жерде Ауғанстан аумағында орналасқан. 

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 11,9. Магнитудасы MPV 5.3. Тереңдігі 35 км. Қазақстан аумағында байқалу (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген Алматы қаласы ӘҚҰ кезекші операторының хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары