×
439.4
473.54
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.4
473.54
4.76

ҰҚК арнайы операциясы: Бірнеше облыста деструктивті діни ағымдағы ондаған адам ұсталды

19.02.2024, 11:13
ҰҚК

17 ақпанда Ұлттық қаупсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, Бас прокуратураның үйлестіруімен жүзеге асырған операция шеңберінде Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жетісу облыстары және Шымкент қаласында 8 топты бейтараптандырылғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz порталы ҰҚК ресми сайтына сілтеме жасап.

ҰҚК хабарлауынша, олардың ортасында деструктивті діни ағым жақтастары бар 23 адам ұсталған. 17 адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, ал 6 қатысты келу туралы міндеттеме қолданылды.

Олар ауыр және аса ауыр қылмыстарға, соның ішінде терроризмді насихаттау, адамдарды ұрлау, қорқытып алу, сондай-ақ есірткі заттары мен ату қаруының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікке ілінген.

– Жасалған құқыққа қарсы әрекеттерін бірқатар жағдайларда теріс бұрмаланған діни қағидалармен ақтап жүрген. 49 тінту барысында ату қаруы, оқ-дәрілер, діни әдебиеттер, ақшалай қаражат және есірткілер алынды. Операцияны өткізуге республиканың 8 өңірінде бірмезгілде 250 күштік құрылым қызметкерлері жұмылдырылды, – делінген хабарламада.

Тергеп-тексеру іс-шаралары жалғасып жатыр.

Серіктес жаңалықтары