×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

«Сұрақ тақырыпқа сай емес»: Лима Диас брифингте белсендінің айыптауына жауап бермеді

19.02.2024, 12:06
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұған дейін белсенді Шыңғыс Лепсібаев Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы болып қайта тағайындалған Лима Диасты қатаң сынаған еді. Сол сынды жоққа шығара ма, жоқ па деген сұрақты бүгін Ulysmedia.kz тілшісі Лима Диастың өзіне қойды.

Лепсібаев Диасты не үшін сынады?

Еске сала кетейік, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының басқарма төрағасы болып былтыр Лима Диас тағайындалған еді. Бұл тағайындау көптің назарынан тыс қалған жоқ. Мәселен, саяси белсенді Шыңғыс Лепсібаев Лима Диас 2021 жылдан 2022 жылға дейін осы қызметте жұмыс істегенін, алайда шудан кейін "орынтағын босатуға мәжбүр болғанын" атап өткен. Екі ретінде де Лима Диас Аида Балаеваның тұсында орталыққа басшы болып келген.

Шыңғыс Лепсібаев сол тұста Лима Диас Азаматтық бастамаларды қолдау орталығын басқарған тұста қаржылық заңбұзушылықтарға жол беріп, айлықты төлемеді, қызметкерлерін жұмыстан шығарды, грант конкурстарын дұрыс өткізбеді деп айыптаған болатын.

“Бәрін айтып бере аламыз, бірақ”

– Сұрағыңызға рахмет! Бірақ бұл сұрақ брифинг тақырыбына сай емес. Түсіндіру, консультация, жобаның егжей-тегжейі, регламенті жайлы біз міндетті түрде барлық сұраққа жауап береміз. Осы брифингтің қорытындысы бойынша жалпы орталықтың жұмысы, басқа да жобалар жайлы айтып бере аламыз, – деді Лима Диас ОКҚ алаңындағы брифинг барысында.

Zhas Project

Бүгін орталық коммуникациялар алаңында Zhas Project жобасы жөнінде айтылды. Бұл әлеуметтік жобалар мен бизнес-идеяларды қаржыландыру арқылы осал топтарды, әсіресе ауылда тұратын жастарды қолдауға бағытталған жоба. Оны бастаушылар жоба жастарды өз қоғамының әлеуметтік-экономикалық өміріне тартуға және нәтижелі жұмыспен қамтуға көмектесетінін атады. Оны Ақпарат және мәдениет министрлігінің тапсырысымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы іске асырады. Жалпы жобаға бюджеттен 360 млн теңге бөлінген. Ос соманың 280 млн теңгесін 280 адамға 1 млн теңгеден бөлу көзделіп отыр.

Серіктес жаңалықтары