×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстанның екі мыңнан астам азаматы Оңтүстік Кореядан пана сұрайды – БАҚ

26.02.2024, 09:42
Қазақстанның екі мыңнан астам азаматы Оңтүстік Кореядан пана сұрайды – БАҚ
Коллаж Ulysmedia

Бұл елде өткен жылы баспана сұраған өтініштердің саны соңғы сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Оңтүстік Кореяның иммиграциялық қызметі 2023 жылы 18 838 баспана сұрау тіркелгенін хабарлады, деп жазады CNN.

Өтініштер бойынша Ресей азаматтары көш бастаған – 5750 өтініш. Бұл ретте бір жыл бұрын ресейліктерден 1000-нан сәл астам өтініш түскен.

Қазақстандықтар 2023 жылы Оңтүстік Кореядан баспана сұрауға 2094 өтініш берген. Одан кейін Қытай – 1282, Малайзия – 1205, Үндістан – 1189, Моңғолия – 836 және Түркия – 564 адам тұр.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда иммиграция туралы қатаң заң бар. 1994 жылдан бері 100 мыңнан астам өтініштің 4052-сі ғана мақұлданған.

2023 жылдың жазында Қазақстанның оңтүстіккореялық EPS еңбек рұқсаты жүйесіне қосылатыны хабарланған болатын.

Биыл Қазақстанда рекрутингтік жүйе орталығын ашу мүмкіндігі талқыланды.

Ресми мәлімет бойынша, 2023 жылы Оңтүстік Кореяға Қазақстанның алты мың азаматы жұмыс істеуге кеткен. Ал Корея иммиграциялық қызметінің мәліметінше, 2023 жылдың басынан бері жеті мыңға жуық қазақстандық жұмыс визасынсыз елде жүрген.

Көбі алаяқтардың құрбанына айналады

Қауіпті өндірістерде заңсыз жұмысшылар медициналық сақтандырусыз жұмыс істейді. Көбі елден шықпай тұрып-ақ алаяқтардың құрбанына айналады - олар жоқ жұмысқа тұру үшін ақша төлейді.

Өткен жылдың наурыз айында екі қазақстандық Кореяға заңсыз кіргені үшін ұсталды. Кеден қызметкері оларды елге кіргізбей, депортацияның күту залына жіберген. Жастар рейс күтіп тұрғанда әуежайдың ұшып-қону жолағы жанындағы үш метрлік қоршаудан асып, қашып кеткен. Кейінірек қазақстандықтардың бірі қамауға алынды. Екінші қашқын Сеулдің иммиграция қызметкерлеріне тапсырылды. Оның 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін екені хабарланды, бірақ өз еркімен берілу жеңілдететін фактор болып шықты. Екеуі де істеген істерін мойындап, жұмысқа келгендерін айтты. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі оларды отанына қайтаруға уәде берді.

Бұдан кейін ҚР СІМ Кореяда қазақстандықтардың жергілікті заңнаманы бұзу фактілері жиілеп кеткенін атап өтті.