×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Астана тұрғыны жол тазалаушыға тап беріп, Қазнеттің ашуын туғызды

28.02.2024, 07:43
Фото: Скриншот

Әлеуметтік желілерде ер адамның Әзірбаев көшесіндегі жол жұмысшысына жасаған шабуылының видеосы тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жазбада жол бойында тұрған көліктің жүргізушісі кеткісі келген жол тазалаушыға ашуын төгіп көруге болады. Жанжал соңында ер адам жұмысшыны қуып жетіп, оны тізе бүгуге мәжбүр етеді.

Instagram жазбасының авторы жанжалдың себебін ашпайды. Жазбаның астындағы пікірлерде тап берген ер адамның іс-әрекетіне теріс баға беріп, жұмысшыны қолдап жатыр.

Астана полициясы жанжалдың бейнесі әлеуметтік желілерде және қатысушылардың жеке басы анықталғанын растады. Жұмысшы тарапынан да өтініш келіп түсіп, профилактикалық әңгіме жүргізілген. Полиция жанжалдың себептері туралы ақпарат берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары