×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Судьялықтан шеттелген соттар мемлекеттік қызметке бара алады – Базарбек заңды өзгертуді талап етті

28.02.2024, 10:36
Фото: Ашық дереккөзден

Мәжілісте Қазақстанның кейбір заңнамалық актілерін Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері талқыланды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаевтан депутат Бақытжан Базарбек біліксіздігі үшін жұмыстан шығып қалған судьяларды мемлекеттік қызметке алынуының себебін сұрады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Жазықбаев не дейді?

– Конституциялық сот қаулысына сәйкес, судьялықтан шеттетілген судьялар еңбек ету бостандығына ие. Бірақ осы заң жобасы бойынша судьялардың өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін бірден мемлекеттік қызметке алынады. Өте үлкен сұрақ туындайды. Қоғамда сот шешімдеріне, сот төрелігіне деген өзекті мәседе туындап отыр ғой. Қоғам мұны қалай қабылдайды? Не себепті біз судьялықтан шеттетілген судьяларды мемлекеттік қызметке алуымыз керек? Не себепті теріс қылықтары үшін екі жыл мерзім бермейміз? Екі жыл ішінде адвокат, заң консультанты болсын делік. Бірақ неге оларды бірден мемлекеттік қызметке аламыз? – деп сұрады Жазықбаевтан Базарбек.

Бұл сұраққа жауап берген Дархан Жазықбаев Конституциялық соттардағы процестерде бұл бағытта «біз өзіміздің уәждерімізді айттық» дейді. 

– Ол жерде «кәсіби мамандықтарына байланысты соттар шеттетіледі» деп келтірілген. Ал мемлекеттік қызметке келіп, жұмыс істеуіне ешқандай шектеу жоқ. Сондықтан, Конституциялық соттың қаулыға шешім шығарғаннан кейін біз осы мерзімдерді енгізе алмай отырмыз. Осы мәселелерді, ұсыныстарыңызды енгізсеңіздер, екінші оқылымда қарастыруға болады. Алдағы уақытта пысықтау қажет. Сұрағыңыз өте орынды. Осы шешімнен бірақ біз шыға алмаймыз, – деді Дархан Жазықбаев.

Түркістан облысындағы оқиға

Еске сала кетейік, Түркістан облысында бес жасар қызды өлтірген қылмыскерге жеңіл жаза берген судья жұмыстан босатылған еді.

Тиісті жарлыққа президент қол қойған.

Құжатта Нұрқазы Шетенов "тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін" сот алқасының шешімі бойынша қызметтен босатылғаны жазылған.

Еске сала кетейік, Нұрқазы Шетенов аудандық соттың басшысы қызметінен кеткен еді. Шетеновтің қандай себеппен өтініш бергені нақтыланбаған.

Алайда шілде айында Жоғарғы сотта Шетенов соттың төрағасы қызметінен босатылатынына сендіргенін атап өткен жөн. Тексеруден бір жарым ай өткен соң, оның өзі өтініш берген.

Айта кетейік, бұған дейін қыз баланы өлтірді деген күдіктінің былтыр мамырда темір торға қамалуы керек болған. Алайда осы судья басқаша шешім шығарған.

Күдікті 2006 жылы кісі өлтіргені үшін сотталған. 2023 жылдың мамыр айында жанжалда ішімдік ішу барысында ауылдастарын балтамен ұрғаны үшін сотты болған. Сол қылмыскер 5 жасар қызды аяусыз өлтіргені белгілі болды. Қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айырылды. Оған химиялық кастрация жасалады.

Серіктес жаңалықтары