×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Алматыдағы машина жасау зауыты аукционға шығарылды

01.03.2024, 12:42
Фото: Yandex

Алматыдағы Киров атындағы «Қазақстан инжиниринг» машина жасау зауыты ұлттық компаниясы аукционға қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Зауыттың бастапқы бағасы – 6 144 491 882 теңге, кепілді жарна – 110 760 000 теңге. Әлеуетті сатып алушылардың өтінімдері 12 наурызға дейін қабылданады, сауда-саттық сол күні басталады.

Сатып алушыға қойылатын талаптар:

кәсiпорынның мамандануын сақтауға және Қазақстан Республикасының азаматтары қатарынан қызметкерлердiң кемiнде 2/3 бөлiгiн сақтауға, еңбекақы және салықтар бойынша берешектерiн өтеуге;

зауыттың «Қазақстан инжиниринг» компаниясына кредиторлық берешегін екі жыл ішінде өтеуге;

жыл ішінде сатып алушының кәсіпорынды қайта сатуға, оны кепілге қалдыруға, басқаруға беруге құқығы жоқ.

Серіктес жаңалықтары