×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Әлия Назарбаеваға қатысты қылмыстық іс бізде жоқ – қаржы мониторингі агенттігі

01.03.2024, 17:08
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кіші қызы Әлия Назарбаеваға қатысты қылмыстық іс өз ведомствосында жоқтығын мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық істер қазіргі уақытта біздің ведомствода жоқ, – деп жауап берді Жеңіс Елемесов мәжіліс кулуарында.

Журналистер бұл сұрақты таяуда Астанадағы Ұлттық баспасөз клубында баспасөз мәслихатын өткізген бизнесмен Нұрлан Бимурзин мен қоғамдық өкіл Жарқын Күрентаевтың мәлімдемесіне байланысты қойған. Бизнесмен сол кезде 20 жыл бұрын активін экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Әлия Назарбаева тартып алғанын айтып, Бас прокуратураға арыз түсіргенін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары