×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

“Майқайыңалтын” комбинаты жұмысын қайта жандандырды

02.03.2024, 18:44
“Майқайыңалтын” комбинаты жұмысын қайта жандандырды
Ашық дереккөзден

«Майқайыңалтын» кен байыту комбинатында жұмыс қайта жанданды. Бүгіннен бастап бірден 750 адам жұмысқа шықты. Әзірге 1 кенші жұмыссыз отыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Себебі, шахталар сол күйі жабық. Комбинат басшылығының мәліметінше, руданы Баянауыл ауданы аумағындағы “Сувенирный” кенішінен сатып алған. Алғашқы 4,5 мың тонна көлеміндегі өнім комбинатқа кеше әкелінді. Ал, алдағы дүйсенбіде аталған кеніштен бірнеше ай бойы шикізат алып отыру үшін арнайы келісімшарт жасалады.

Яғни, кәсіпорынға тиесілі кеніштердің қай аумағы қауіпті, қай бөлігінде жұмыс істеуге болатыны нақты анықталғанға дейін руда сырттан жеткізіледі.

«Бір мыңға тарта адамды жұмыссыз қалдыруға жол берілмейді», - дейді комбинаттың бас директоры Қуаныш Ботин.

Естеріңізге салсақ, осыдан екі аптаға жуық уақыт бұрын "Майқайыңалтын" АҚ жұмысын тоқтатқан болатын. Оған себеп  – қордағы руданың тапшылығы.

Алты жылға жететін бір млн тонна кен шахта түбінде жатыр. Оны алуға әзірге рұқсат жоқ. Қаңтардағы апаттан кейін шахта жұмысы уақытша тоқтатылып онда түсуге тыйым салынған.