×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Бишімбаевты тергеген тергеушіге шабуыл жасалды»: полиция тараған видеоға түсініктеме берді

04.03.2024, 13:22
Коллаж: ulysmedia.kz.

Астана қаласының полиция департаменті телеграм-арналарда "экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісін тергеген тергеушіге шабуыл жасалды" деген жазумен тараған видеоға түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін @egovpress телеграм арнасы "кейбір дереккөзге" сүйеніп, Қуандық Бишімбаевтың қылмыстық ісін тергеп жатқан тергеушісіне (әйелге) қарақшы шабуыл жасағанын жазған болатын. Күдікті ұсталған дейді ақпарат көзі. 

Ulysmedia.kz порталы осы видео жөнінде ішкі істер министрлігінен ақпарат сұраған. Жауап Астана қаласының полиция департаментінен келді.

– Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі тергеген тергеушіге жасалған шабуыл туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Жәбірленушінің қызметі осы тергеумен байланысты емес. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұрын қылмыстық іс прокуратураға заңдылықты тексеру және сотқа беру үшін жіберілген. Полиция департаменті жалған ақпарат таратқаны үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді, – деп хабарлайды Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, 2023 жылғы 9 қарашада Салтанат Нүкенова Bau мейрамханасында жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмғаны белгілі болы. Күдікті ретінде күйекі Қуандық Бишімбаев ұсталды. Оған қылмыстық кодекстің 110бабы 2-бөлігі (азаптау) және 99-бабы, 2-бөлігі (аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру) бойынша айып тағылып отыр. Оның немере інісі Бақытжан Байжановқа (қылмыс болған "Гастроорталықтың" басшысы) қылмыстық кодекстің 432-бабы (аса ауыр қылмысты жасыру) және 434-бабы (қылмыстың болғанын хабарламау) бойынша айып тағылған.

Аталған іс бойынша алғашқы сот отырысы Астанада 11 наурызда өтеді.

Серіктес жаңалықтары