×
441.58
480
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.58
480
4.86

Астанада қазақ тіліндегі ауқымды дебат турнирі аяқталды

04.03.2024, 16:55
Фото: дереккөз

Еліміздің басты шешендік сайысы «Көшпенділер Көкжиегіне» жас қазақстандықтардың 62 командасы қатысты. Турнирді ұйымдастырушы – «Nomad» дебат клубы. «Казцинк» көрші қалалардың студенттеріне астанадағы зияткерлік жарысқа жүйріктерін қосуға көмектесті.

«Nomad» дебат клубы 2011 жылы Назарбаев университеті жанынан құрылған, ол – Орталық Азиядағы ең ірі клуб. Оның қатысушылары әлемдік деңгейдегі зияткерлік сайыстарда жүлделі орындарды қанжығалайды. Клуб турнирлерді жыл сайын өткізеді, онда еліміздің барлық өңірлерінен келген студент жастар өз ойларымен бөлісіп, сыни ойлау қабілеттерін дамытады.

Жас қазақстандықтар қоғамның өзекті мәселелерін көтереді: тілді дамыту, әлеуметтік және гендерлік теңдік, адам құқықтары. Сондай-ақ турнир клуб қатысушыларының шетелде алған пайдалы тәжірибесін кіріктіруге жағдай жасайды.

Сайыста Нұртас Күздеубаев пен Сағыныш Әнуарбековтің командасы үздік шықты. Нұртас – MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY түлегі, ал Сағыныш – Еуразия Ұлттық университетінің студенті.

– Инклюзивтілік – біздің талқылайтын басты тақырыбымыз, сондықтан біз іс-шараны ұйымдастыру кезінде де осы қағиданы ұстанамыз, – деп бөлісті клуб президенті Айнагүл Амангелдина. – Біз жыл сайын  көлік пен елордада тұру шығындарын көтере алмайтын қатысушыларға көмектесетін демеушілер қарастырамыз. Көбінесе бұл – ерекше қажеттілікті немесе мұқтаж отбасылардан шыққан студенттер мен мектеп оқушылары. Осы гранттар болмаса, ойыншылардың едәуір бөлігі біздің қатарымызға қосыла алмас еді.

Металлургтер мен кеншілер студенттердің бастамаларын көптен бері қолдап келеді.

– Жастардың адам құқықтарын белсенді ойлайтындығына ризамын – дейді «Казцинктің»  әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев. – Олар қазіргі қоғамда болып жатқан нәрселер туралы терең ойланады. Онымен қоймай осы жастар келесі ұрпақ үшін жақсы болашақ құруға ұмтылады. Осындай бастамашыл әр қазақстандық  қиындықтарға қарамастан, өз сөзін айтуға мүмкіндік алу керек!

Серіктес жаңалықтары