×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Біздің аймақта жер бұрын да сілкінген, сілкіне де береді – Қазақстанның бас сейсмологы

04.03.2024, 17:04
Коллаж: ulysmedia.kz.

Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының жетекшісі Дәулет Сәрсенбаев сейсмикалық оқиғалар бола беретінін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Біздегі комиссия мен оның беретін қорытындысы қуатты әрі жойқын зілзалаларға арналған. Ең алдымен, оны ескеру керек. Алматы қаласы, Алматы облысында жылына 600-ге дейін сейсмикалық оқиғаларды тіркейміз. Олардың ішінде сезілетіні – шамамен жылына 10-15 қана, – дейді ол.

Дәулет Сәрсенбаевтың айтуынша, комиссия орта мерзім деңгейінде қысқа мерзімді жағдайда бір апталық, ұзақ мерзімді жағдайда бір күнтізбелік жыл бойынша болжам жасайды. 

– Біздің комиссияның жасаған болжамы қате деп сөйлеудің өзі қате. Біз сейсмикалық жағынан қауіпті аймақта тұрамыз. Алматы ғана емес, Алматы облысы, Жетісу, Жамбыл облысы да, көршілес Қытай, Қырғызстан да сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймаққа жатады. Біздің аймақта жер сілкінген, сілкінді, сілкіне де береді. Сейсмикалық оқиғалар бола береді, – дейді ол.

Зілзала қайталануы мүмкін

Бүгін сағат 11.22-де Алматыда бұрынғыдан да қатты жер сілкінісі болды.

Жер сілкінгенін сезіп, дабыл белгісін естіген алматылықтар көшеге шығып, қауіпсіз орын іздей бастаған. 

ТЖМ табиғи жайтқа “қатты жер сілкінісі” деп баға берді. 

Бұл жолғы жер дүмпуінің магнитудасы 5 балға жетті.

Еске салайық, Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев жер сілкінісі қайталануы мүмкін екенін айтты.

Серіктес жаңалықтары