×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанға орыс тілі пәні мұғалімдерін жібереді: Ресей білім министрлігі ақпаратты түзетті

Фото: Ресей Үкіметінің баспасөз қызметі

Күні кеше Ulysmedia.kz Ресей Қазақстан мектептеріне орыс тілі мен басқа да пәндерді оқытатын мұғалімдерді жіберуге құлшынып отыр деп жазған болатын. Әрине, біз бұл жерде Ресей ағарту министрлігінің ресми сайттына жүгінген едік. Онда екі ел министрлерінің кездесуінде Қазақстанда орыс тілін насихаттау мәселелері көтерілген.

Алайда, ведомствоның ресми сайты «Қазақстанға мұғалімдер жіберуде» «қателескен» көрінеді. Әлгі ақпаратты ресми ресурстарынан өшіріп тастапты.

Біршама уақыт өткен соң ақпарат мәтінін редакциялап жіберген.

Не болды

Ал бұған дейін «Қазақстанға орыс тілін оқытатын мұғалімдер жібереміз» деп құлшынып берген ақпараты мынау еді: 

Ресей ағарту министрінің орынбасары Денис Грибов пен Қазақстан оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның кездесуінде республика мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға Ресейдің қатысу мәселесі талқыланған.

Кездесу барысында кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде "Кәсібилік" федералды жобасын жүзеге асырудағы ресейлік тәжірибені зерделеу мәселелері де қарастырылған. Ресей тарапы Қазақстан мектептеріне орыс тіліндегі оқулықтар мен орыс тілінде білім беретін пән мұғалімдерін жіберуді ұсынған.

Ресей үкіметі үйінде премьер-министрі Михаил Мишустин мен Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектеновтің келіссөздері аясында екі елдің ағарту министрліктері өкілдерінің кездесуі өткені атап өтіледі.

Талқыланған тақырыптардың ішінде гуманитарлық ынтымақтастық және Қазақстанда орыс тілін насихаттау мәселелерін қамтыды. Ресей үкіметінің басшысы екі мемлекетті тығыз мәдени-гуманитарлық байланыстар байланыстыратынын атап өтті. Михаил Мишустин қазақстандық тарапқа орыс тіліне ұқыпты көзқарасы үшін алғысын білдірді, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары