×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Лаңкестік әрекетке күдіктенген қазақстандықтар Ресейде оққа ұшты

09.03.2024, 08:48
Ctc-rc

Ресейдің арнайы қызметтері Мәскеу синагогасына бағытталған шабуылдың алдын алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ASTRA телеграмм арнасына сілтеме жасап.

"Вилаят Хорасан" тобының қатысушылары Калуга облысындағы жеке үйде жасырынған. Оларды ұстамақ болған кезде күдіктілер қарсылық көрсетіп, арнайы қызмет оқ атуға мәжбүр болған.

“ФСБ мен күдікті исламистер арасындағы атыс 7 наурызда таңертең Коряково ауылында болды”,  – деп хабарлайды Astra.

Нәтижесінде екі күдікті - Қазақстан азаматтары, 35 жастағы Сәбит Аширалиев және 32 жастағы Жәнібек Тасқұлаев мерт болды. Олар Ремейге биыл 28 ақпанда келген.

Бұған дейін Ресейдегі АҚШ елшілігі Мәскеудегі шабуылдардың жоғары қаупі бар екенін болжаған еді.

Серіктес жаңалықтары