×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

ҰҚК қазақстандықтардың Ресейдегі теракт кезінде өлтірілгенін растады

09.03.2024, 12:14
ҰҚК

ҰҚК Ресейдің арнайы қызметтері Мәскеуде террорлық шабуыл ұйымдастыруға тырысқан кезде екі қазақстандықтың көзі жойылды деген ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР азаматтығы мен бұл адамдардың Ресейге кетуі расталғанын мәлімдеді.

"Тексеру қолданыстағы ынтымақтастық арналары аясында Ресейдің ФСБ-мен тығыз байланыста жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін лаңкестік әрекетке күдіктенген қазақстандықтар Ресейде оққа ұшқанын жазған едік.

Серіктес жаңалықтары