×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстан мектептеріне ресейлік мұғалімдер әкелінбейді – ҚР СІМ

11.03.2024, 18:09
Фото: alladaschool.ru

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның оңтүстігіне Ресей Федерациясы салатын мектептерге ресейлік мұғалімдер әкелінбейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ресейдің мектеп салатыны рас. Сіздер оны білесіздер. Бұл мәселе РФ мен Қазақстан мемлекет басшыларының сапары кезінде  талқыланған. Мұның бәрі жазылды. Бірақ мұғалімдер алып келеді немесе басқа педагогтер келеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Себебі ол – жалған ақпарат, - деді ол СІМ-де өткен брифингте.

Сондай-ақ ол мұндай ақпараттарды ресейлік БАҚ өшіріп жатқанын жеткізді. 

Бүгінде Ресей тарапы ол ақпаратты өздерінің сайттарынан алып тастаған. Демек, ол жалған болып шыққан ғой. РФ есебінен мектептер салынады. Алайда бүкіл кадр өзіміздікі болады. Ресейден ешқандай да мұғалім келмейді, - деді Айбек Смадияров.

Не болды

Бұған дейін Ulysmedia.kz сайтында “Ресей Қазақстанға орыс тілі пәні мұғалімдерін жіберуді көздеп отыр” деген ақпарат жарияланған болатын. 

Ресей Білім министрінің орынбасары Денис Грибов пен Қазақстан Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Наталья Жұмаділдаеваның кездесуінде республика мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға Ресейдің қатысу мәселесі талқыланған.

Кездесу барысында кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде "Кәсібилік" федералды жобасын жүзеге асырудағы ресейлік тәжірибені зерделеу мәселелері де қарастырылған. Ресей тарапы Қазақстан мектептеріне орыс тіліндегі оқулықтар мен орыс тілінде білім беретін пән мұғалімдерін жіберуді ұсынған.

Кейін Ресей білім министрлігі бұл ақпаратты ресми сайтынан өшіріп, кейін мәтінді қайта түзетіп қойған еді. 

Серіктес жаңалықтары