×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Макронмен кездескен қазақ жастарының кім екені белгілі болды

12.03.2024, 21:16
Скриншот

Қоғам белсендісі әрі экономист Мұхтар Тайжан Франция президенті Эммануэль Макронмен кездескен қазақ жастары өзінің баласы мен болашақ келіні екенін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

- Көп кісілер хабарласып сұрап жатқаннан кейін, ұлым туралы шығып жатқан жаңалықтарды қуана қуана растаймын! Санжар атасының (менің Әкемнің) туған күнінде (08.03.) сүйікті қызын Лондоннан Парижге арнайы апарып үй болу туралы ұсынысын ресми жасады. Біз Тайжан отбасы болсақ бұған өте қуаныштымыз, себебі Айнұр бәріміздің көңілімізден әбден шықты!

Иә, Франция президенті Эммануэль Макрон мырза оларды Эйфель башняның маңайында кездейсоқ кездестіріп бірінші құттықтады. Бәрін растаймын және өте қуаныштымын! – деп жазды Мұхтар Тайжан.

Аталған видео бірнеше күн бұрын әлеуметтік желіге тараған еді. Жастармен тілдескен Макрон олардың қай елден келгенін сұрайды. Санжар Тайжан Қазақстаннан келгенін айтады. Макрон Тоқаевты танитынын, кездескенін айтады.

Серіктес жаңалықтары