×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Қазақстанда ЮНЕСКО нысандарының саны артады

16.03.2024, 09:58
assembly.kz

Қазақстанның оңтүстігіндегі бірқатар тарихи нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізу мақсатында Сырдария объектілерінің номинациясы бойынша өз жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта Отырар, Сауран, Яссы, Сығанақ, Жанкент қалашықтары сияқты тарихи объектілерді, сондай-ақ, Жетіасар оазисі ескерткіштерін қосу жоспарланып отыр.

Бұл туралы Бакуде өткен «ЮНЕСКО бағдарламасы аясында түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу және сақтау» халықаралық конференциясында Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова мәлімдеді. Оның айтуынша, Сырдария нысандары Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан нысандарымен бірге ұсынылатын болады. Барлық елдің ынтымақтастығы мен күш-жігерін біріктіру өңірдің бай мәдени мұрасын сақтауға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам материалдық тарихи-мәдени мұра объектісі бар, олардың 12 мыңнан астамы жергілікті және республикалық маңызы бар тарихи және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген. Туристер мен зерттеушілерге ыңғайлы болу үшін ескерткіштер маңындағы инфрақұрылымды дамыту және сапар орталықтарын салу жұмыстары жүргізілуде.

ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының өкілдік тізіміне Қазақстан тарапы материалдық емес мәдени мұраның 13 элементін ұсынған, оның 8-і бірлескен көпұлтты номинациялар саналады. Атап айтқанда, олардың қатарында «Айтыс – импровизация өнері», «Киіз үй жасаудың дәстүрлі білімі мен дағдылары», «Наурыз», «Саятшылық», «Жұқа нан пісіру дәстүрі: лаваш, қатырма, жұпқа, юфка», «Қорқыт Ата мұрасы: эпикалық мәдениет және музыка», «Қожанасырдың ауызша фольклоры», «Тоғызқұмалақ – дәстүрлі зияткерлік және стратегиялық ойын» бар.

Серіктес жаңалықтары