×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Әуе компаниялары домбырадан неге үркеді

16.03.2024, 17:33
Әуе компаниялары домбырадан неге үркеді
Коллаж Ulysmedia

Төрткүл дүние ерекше бағалап, әлемнің құшағына сыйған қасиетті домбыра отандық компаниялардың ұшағына сыймай қойды. Бұған дейін көптеген өнерпаз әлеуметтік желі арқылы ұлттық аспапты ұшаққа өткізбей жатқанына шамданған еді. Жуырда марқұм Заманбек Нұрқаділовтің жан жары, әнші Мақпал Жүнісова да осындай жағдайға тап болды, деп жазады Ulysmedia.kz тілшісі.

Халық әртісі Мақпал Жүнісова Қостанай мен Қарағандыдағы концертіне ұшар кезде домбырасын қолжүгі ретінде алып кіруге рұқсат ала алмағанын әлеуметтік желіде жариялады. 

Бұған дейін айтыскер ақын Айшолпан Тілеутай да домбырасын ұшаққа кіргізе алмай, жан айқайын жеткізген еді.

 Ал әуе компанияларының өз талабы бар. Белгілі болғандай, әуе тасымалында мынау домбыра, мынау аспап деп қарамайды. Ол қолжүгі ретінде ғана қарастырылады екен.

“Тасымалдау кезінде багаждың зақымдануы орын алса  акт жасалады, бұл акт бойынша аспаптарға авиакомпания тиісті рәсімдердің қортындысы бойынша зақымдану дәрежесіне байланысты залалды өтейді”, – дейді ҚР Көлік министрлігі Азаматтық авиация комитетінің сарапшысы Әсел Оспанова.

Астана халықаралық әуежайының ресми өкілі Тойгүл Нұржанқызының айтуынша, қолжүгі ретінде домбыраны тасымалдауға болады.

“Нақты ережелер бар. Қалай алып жүру керек. Мысалы, ең алдымен кез келген музыкалық аспаптың сыртында қапталған арнайы қабы болуы керек. Және ол стандартты, параметрге көрсетілген,  сондан аспауы керек”, – дейді ол.

Параметріне тоқталсақ ол ұзындығы, ені мен қалыңдығы тиісінше  56*23*36 см болуы шарт. Салмағы 5 келіден аспауы тиіс. Бұл дау болған әуе компаниясының сайтында тайға таңба басқандай  жазылған талаптар. Осы талапқа домбыраның ұзындығы келе бермейді екен.

Бұл ретте, өнерпаздар заң ережесін өзгертуді талап етіп отыр.