×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Жұртта ақша аз ба - елімізде тұрғын үй саудасы төмендеген

17.03.2024, 16:17
Ашық дереккөзден

Ресми статистикаға сүйенсек, биыл ақпан айында 30 мыңнан астам мәміле жасалған. Бұл қаңтар айындағы көрсеткіштермен салыстырғанда 4%-ға аз. Ең үлкен құлдырау Алматыда байқалады. Наурыздың есебін сәуір айында көретін боламыз, дейді Ulysmedia.kz тілшісі.

Ақпанда Алматыда баспана саудасы бәсеңдеп, 22% қысқарған. Тұрғын үй сату мен сатып алу бойынша 6,5 мың келісімшарт жасалған. Ал бір ай бұрын көрсеткіш 1,5 мыңға көп болды. Статистикаға сай, сегіз жылда бірінші рет мегаполистегі баспана саудасы мен жалға беру бағасы қатар төмендеді. 

Инвестициялар және жылжымайтын мүлік нарығының халықаралық сарапшысы Лев Тетиннің айтуынша, биіктігі 9 қабатты үйлерде алдағы алты айда шаршы метр құны төмендейді.

“Онда пәтерді арзанырақ сатып алуға болады. Өйткені сейсмикалық белсенділікке төтеп бере алмауы мүмкін. Сондықтан қазір осындай пәтерлерді көптеп сатып жатыр. Бірақ мұндай дүрбелең уақытша құбылыс екенін де ескеру керек. Мұндай сауда алдағы бір-екі ай сақталар. Содан кейін сатып алушылар да, сатушылар да  тыныштала бастайды. Мұндай аномальды ұсыныстар болмайды”, – дейді сарапшы.

Сарапшылардың айтуынша, алдағы үш жылда пәтерлер арзандамайды. Бұған құрылыс материалдарының басым бөлігі ипортталатыны себеп. Тасымал шығыны тұрғын үй құнына қосылады. Бұдан бөлек, елдегі демаграфияның өсуі де, жыл сайын тұрғын үйлерге сұранысты арттыруда.

Серіктес жаңалықтары