13-16 наурыз аралығында Сочи тауларында «Роза Хутор» курортында тау-шаңғы индустриясының әлеміндегі елеулі оқиға – Еуразияның тау курорттарының фестивалі өтті.
Фестиваль 2023 жылдың маусым айында құрылған Тау Курорттарының Еуразиялық Альянсы (ТКЕА) өткізген алғашқы ірі шара болды. Оның құрамына «Шымбұлақ», «Роза Хутор» (Ресей), «Амирсой» (Өзбекстан), сондай-ақ «Шахдаг» (Әзірбайжан) курорттары кіреді. Бірлестіктің мақсаты – Еуразиядағы туризмнің стратегиялық дамуына, кәсіби қарым-қатынасты дамытуға, тау курорттарының үздік тәжірибесі мен брендтерін танытуға арналған платформамен жабдықтау.
Фестивальға түрлі елден келген 150 қонақ қатысты, олардың арасында Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстанның өкілдері бар. Бұл шара тау-шаңғы спортын сүйетіндер үшін нағыз мерекеге айналды.
Ашылу салтанаты Таулы Олимпиадалық қалашықта өтті, онда қатысушылар командалары «Мужской Олимпийский спуск» (1600 м) жолында өз шеберліктерін көрсетті. Шымбұлақ нұсқаушылары көз тартарлық синхронды сырғанау өнерін көрсетіп, қолдау мен қошеметке ие болды.
Төрт күн бойы кәсіби пікірталастар, мәдени шаралар және білім беру бағдарламалары өтіп, қатысушыларды тау-шаңғы туризмін дамытуға деген құлшыныстары біріктірді.
Осылайша, фестиваль аясында туризмді дамыту, туристтік қызметтер сапасының бірегей стандарттарын енгізу және мемлекетаралық туристік тау маршрутын жасау тақырыптарына арналған дөңгелек үстелдер мен пікірталастар өткізілді. Басты мақсаттарының бірі – альянсқа кіретін тау курорттары арасында бірегей ски-пассты енгізу, соның арқасында курорттағы қызмет көрсету сапасының бірегей деңгейін қалыптастырып, туристтік ағынды көбейтуге болады.
Фестивальдағы мәдени қарым-қатынасқа ерекше назар аударылды. Көрме аясында әр ел өзінің ұлттық тағамдарымен таныстырды, ал Шымбұлақ қонақтарды бешбармақ, бауырсақ сияқты қазақи тағамдармен қуантып, келушілердің жүрегін жаулады.
Фестивальдің қорытынды кезеңінде дәстүрді жалғастыру эстафетасы «Шахдаг» курортына берілді, курорт 2025 жылы шараны ұйымдастыруға бел сыбана кіріспек.
Сондай-ақ біздің қазақстандық "Oi-Qaragai" тау курорты осы тамаша спорт түрін дамытушы тау-шаңғы курорттары отбасыларының қатарын кеңейтіп, Тау Курорттарының Еуразиялық Альянсына мүше болды.