×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Хакерлер шабуылы: Ақпараттық қауіпсіздік комитеті тағы бес бөлімше ашқалы жатыр

21.03.2024, 09:18
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бұл туралы үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр депутаттарға берген жауабында хабарлаған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Скляр не дейді?

«Қазіргі кезде Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде құрылымдық өзгерістер жүргізіліп жатыр. Соның аясында дербес деректерді қорғау және ақпараттық қауіпсіздік шеңберінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын министрліктің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті бөлімшелерінің штат санын 5 бірлікке ұлғайту мәселесі қаралуда», - делінген жауапта.

Сонымен қатар, әкімшілік реформаға сәйкес орталық мемлекеттік органдардан жергілікті атқарушы органдарға 55 функцияны, оның ішінде министрліктен 12 функцияны қайта бөлу мәселесі қаралған. Сол арқылы жергілікті атқарушы органдарға ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, дербес деректерді қорғау, сондай-ақ электрондық құжат пен электрондық цифрлық қолтаңба бөлігінде мемлекеттік бақылау жүргізу бойынша құзыреттерді беру ұсынылады. 

«Осылайша, әкімдіктер өз аумақтық бірлігі шегінде квазимемлекеттік секторды қоса алғанда, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Аталған шаралар дербес деректерді қамтитын дерекқор операторларына бақылауды күшейтуге және олардың жауапкершілігін арттыруға мүмкіндік береді деп санаймыз», - делінген жауапта.

Жеке деректер қалай тарады?

Бұған дейін Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрлігімен ынтымақтасатын iSoon компаниясы құпия құжаттамалардың жылыстап кетуіне жол бергені белгілі болды. Файлдар GitHub қызметінде ашық жарияланып кеткен. 

Шетке шығып кеткен ақпараттарға қарағанда Қытайда алынған деректерді талдап, сұрыптай отырып, интернеттегі жарияланымдарды бақылау жүйесі жасалған. Атап айтқанда, Қытай билігі үшін қызығушылық туғызатын тақырыптарды талқылауға мүмкіндік беретін Х әлеуметтік желісіндегі посттарды бақылау платформасы құрылған.

Бұл компанияны Chengdu 404-APT41 деп аталатын Қытай кибер барлау қызметі басқарады, деп жазады Cert.kz.

– Бұл жағдай Қытай барлау қызметі қалай жұмыс істейтінін көрсетеді. ПО, Windows, Mac, iOS және Android үшін трояндар, DDoS қызметтері, әлеуметтік желі пайдаланушыларын анонимизациялау жүйелері, Wi-Fi бұзу жабдықтары... Жеке дерекке еніп, ақпарат алу әдістемесі жайлы көп ақпарат бар, – делінген басылымда.

Талдау жұмыстары ұрланған ақпараттың көлемі терабайтпен өлшенетінін көрсеткен. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігінің ақпарат қауіпсіздігі комитетінің төрағасы Руслан Әбдіхалықов хакерлер нақты адамдарды аңдығанын айтады.

Серіктес жаңалықтары