×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Барлық хат алмасулар жазылады»: WhatsApp-тағы хабарлама жұртты шошытты

24.03.2024, 21:33
Фото: pixabay

WhatsApp желісінде жаңа байланыс ережелері туралы хабарлама тарай бастады, онда барлық сөйлесулер мен хат алмасулар жазылып, әлеуметтік желідегі белсенділік қадағаланатыны айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алайда бұл ақпарат – жалған.

Stopfake.kz сайтының мәліметінше, бұл хабарлама 2022 жылдың қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің атынан қазақстандық интернетте тараған. Алайда ведомство бұл ақпаратты жоққа шығарып, мұндай жаңа қарым-қатынас ережелері елімізде жоқ екенін алға тартты.

Сондай-ақ, дереккөзге сілтеме жасалмай, дәл осындай хабарлама Ресейде де таралып, ол жақта да жоққа шығарылғанын айта кеткен жөн.

Сондықтан бұл хабарламаға сенбеу керек, өйткені онда күн, ел немесе сенімді ақпарат көздеріне сілтемелер жоқ.

Серіктес жаңалықтары